Ақтөбеде есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкені жойылды, деп жазады qandastar.kz сайты sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық прокурорлар Qymyz shop интернет-дүкен арқылы бүкіл ел бойынша психотроптық заттарды сатқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяқтады.
Дүкеннің жалпы айналымы 50 млн теңгеден астам қаражатты құраған.
Интернет-есірткі дүкені арнасының қылмыстық схемасы «Telegram» қосымшасындағы «байланыссыз қатысу» нысанында ұйымдастырылған, ал ақша қозғалысы «дропперлердің» банктік карталары арқылы жүзеге асырылған, – деп жазылған хабарламада.
Барлық көрсетілген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстары мен Астана қаласының аумағында 6 адам анықталып, ұсталып, 10 келіден астам психотроптық заттар тәркіленді.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.


