Жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жүргізушілер автогаз таппай, ұзын-сонар кезекте тұр

Фото: видеодан скрин
Қазақстанның Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облысында жүргізушілер автогаз таппай, тағы тығырыққа тірелді. Өңірде сұйытылған отын тапшы. Бекеттерде ұзын-сонар кезек пайда болып, көп жерде газ талонмен беріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Деректерге сенсек, шенеуніктер өңірде газбен жүретін көліктер кейінгі жылдары күрт көбейіпті. Соның кесірінен ай сайын аймаққа берілетін 4 мың тоннаға жуық газ жетпей жатқанын жасырмайды.

Қаладағы көлік жүргізушілерінің тең жартысы газбен жүреді. Төзімі таусылған азаматтар жыл сайын күзде осы жағдайға тап боламыз деп отыр. Қазір Ақтөбеде бір литр газдың құны – 59 теңге.

«Талонды білмейміз қайдан алуға, талон да дұрыс жоқ. Мынау бір бітпейтін кезек. Бүкіл қалада осылай, далаға шыққанда да, Мартук жақта да, Қандыағаш жақта да газ жоқ. Адамдарды қинап болды ғой, не деген масқара?! Ал шенеуніктер бұл жағдайды құрылыс жұмыстарының артуымен байланыстырады. Қыркүйек айында өңірге 11 337 тонна газ бөлінген. Бірақ ол жетпей, энергетика министрлігінен тағы екі тонна сұйытылған газ сұраттық дейді. Облыстағы мұнай компаниясынан алынған автогаздың бір бөлігі жолда екен. Сондықтан мәселе апта соңына дейін шешіледі дейді жауапты басқарма басшысы», – деді жүргізуші Орынбай Байдәулетов.

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы газды тасымалдау басталғанын хабарлады.

«Бүгін кешке дейін, ертең амандық болса түске дейін Ақтөбе облысына 30 вагон келеді. Ол – 1 080 тонна. Ол қаланы толығымен жабуға жетеді. Сонымен қатар 5 қазаннан бастап қосымша газдың көлемін тасымалдау басталады. Қазан айында барлығы газбен қамтылады», – деді басқарма басшысы Алмас Салықбаев.

Еске салайық, бұған дейін энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов 2025 жылы Қазақстанда автогаз бағасы тағы да көтерілетінін айтты. Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов 2025 жылы Қазақстанда автогаз бағасы тағы да көтерілетінін айтты. Келесі жылы да газ шамамен 10 теңгеге қымбаттайды. 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close