Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қазақстанның екі облысында жер сілкінді

Жетісу және Алматы облыстарында жер дүмпуі тіркелді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 05 ақпанда Астана уақытымен 13 сағат 42 мин жер сілкінісі тіркелді», — делінген мәлімдемеде.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан  солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер:

Жетісу обл. Панфилов ауд. Жаркент қ. 3 б.
Жетісу обл. Текелі қ. 3 б.
Жетісу обл. Ақсу ауд. Жансүгіров ауылы 3 б.
Жетісу обл. Сарқанд ауд. Сарқанд қ. 3 б.
Жетісу обл. Ескелді ауд. Қарабұлақ кенті 2 б.
Жетісу обл. Талдықорған қ. 2 б.
Жетісу обл. Көксу ауд. Балпық-Би ауылы 2 б.
Алматы обл. Ұйғыр ауд. Чунджа ауылы 2 б.
Жетісу обл. Кербұлақ ауд. Сарыөзек ауылы 2 б.
Жетісу обл. Қаратал ауд. Үштөбе қ. 2 б.
Алматы обл. Ұйғыр ауд. Қырғызсай ауылы 2 б.
Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Көкпек ауылы 2 б.
Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Шелек ауылы 2 б.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button