Жаңалықтар

Қазақстанның қарулы күштері оқу дабылы бойынша көтеріледі

Қорғаныс министрлігі жолдарда әскери техниканың көбейетінін ескертті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы министрлікке сілтеме жасап.

«Жаңа оқу жылының басталуына байланысты желтоқсан айының алғашқы күндерінде Қарулы Күштердің барлық бөлімдері оқу дабылы бойынша жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындыққа келтіріледі», — делінген ресми хабарламада.

Артынша сарбаздар оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды.

Жекелеген бөлімшелер кешенді жауынгерлік дайындық сабақтары өтетін орындарға әуе, теміржол және автокөлікпен жеткізіледі.

«Аталған кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірлердегі жолдардың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысын уақытша шектеу мүмкін екенін ескертеміз», — дейді министрлік өкілдері.

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтардан тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button