Әлеумет және қоғам

Қазақстанның сегіз қаласында ауа ластануы күтілуде

2026 жылғы 14 наурызда Алматы, Атырау, Орал, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау және Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. ҚМЖ кезінде ауаға зиянды заттар жиналуы мүмкін, сондықтан тұрғындарға сыртта болу уақытын қысқарту және қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүру ұсынылады.

Синоптиктер 2026 жылғы 14 наурызда Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туындайтынын ескертті, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп.

Алматы, Атырау, Орал, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Теміртау қалаларында күн бойы, ал Астанада түнде ауа жағдайы қолайсыз болады деп болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарламасында айтылған.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар желдің жоқтығы немесе әлсіздігі, тұман және атмосфералық инверсия сияқты қысқа мерзімді табиғи факторлардың үйлесуі нәтижесінде пайда болады. Мұндай кезде жер бетіне жақын қабатта зиянды заттар жиналып, ауа ластанады.

ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада болу уақытын азайту, әсіресе автожолдар мен ластанудың жоғары болатын жерлерден алыс жүру ұсынылады. Өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдар өзімен дәрі-дәрмектерін алып жүруі маңызды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button