Жаңалықтар

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі 1,3 миллиард теңгеге бір көлік сатып алмақ

Фото: Тенгриньюс
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі құны 1,3 миллиард теңгеден асатын көлік сатып алмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған техникалық сипаттамада тапсырыс беруші «Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі екені көрсетілген. Сондай-ақ сатып алынатын тауар атауы “автокөлік, қосымша функция – вагондық топсалы көтергіш (90 м), бағасы – 1 миллиард 339 миллион 285 мың 714, 28 теңге, бір дана” деп көрсетілген.

онкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 26 шілдеде басталып, 12 тамызда аяқталады.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңға қол қойған еді. Заң президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында қабылданған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close