Синоптиктер 2026 жылғы 28 наурызда Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті. Zakon.kz мәліметіне сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарды жариялады.
«Қазгидромет» дерегінше, осы күні Алматы, Астана және Павлодар қалаларында атмосфералық ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасуы ықтимал.
Мамандардың түсіндіруінше, мұндай жағдайлар көбіне желдің болмауы немесе әлсіз соғуы, тұманның түсуі және температуралық инверсия кезінде пайда болады. Соның салдарынан зиянды заттар ауада таралмай, жерге жақын қабатта жиналып қалады.
Осыған байланысты қала тұрғындарына, әсіресе жол бойы мен өндіріс орындарының маңында ұзақ уақыт болмау ұсынылады. Ал тыныс алу, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрілерін өздерімен бірге алып жүргені дұрыс.



