Қаржы және төлемдер
«Қазақтелеком» АҚ филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр
Сурет: Zakon.kz
«Қазақтелеком» филиалы – Сервистік фабриканың бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталуына компания өзі мұрындық болды, деп жазды qandastar.kz
Жамбыл облысының Сыбайлас жемқорлыққақарсы қызмет департаменті «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Сервистік фабриканың бұрынғы бас директоры А. Карамановқа қатысты ҚР ҚК 361-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеужүргізуде, ол филиалдың бұрынғықызметкерлерінің көмегімен «Қазақтелеком» АҚ-ның Тараз қаласындағы әкімшілік ғимараттүріндегі жылжымайтын мүлкін сату арқылылауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды. Нысан құны әдейі төмендетіліп, 185 504 000 теңгеге сатылған, осылайша мемлекетке 468 473 464 теңгесомасында залал келтірілді.
«Қазақтелеком» АҚ осы сотқа дейінгі тергеудіңбастамашысы болып, 2022 жылы «Қазақтелеком» АҚ қаржылық бақылау департаментінің ішкітексеру материалдарын ҚазақстанРеспубликасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсықызметіне жолдаған болатын, нәтижесіндежылжымайтын мүлік нысандарын иеліктен шығарутәртібін және «Қазақтелеком» АҚ мен Сервистікфабриканың өкімдік актілерінің талаптарынөрескел бұзушылықтар анықталды.
Айта кету керек, қазіргі уақытта«Қазақтелеком» АҚ-да бұрын сатылған кейбіржылжымайтын мүлік нысандарын, оның ішіндеқұқық қорғау органдары арқылы қайтаруға бағытталған шаралар қабылдануда.