Білім

Қазақтілді оқушылардың орыстілді оқушылардан сауаты төмен – зерттеу

фото: t.me/aqorda_resmi

Бұған мұғалімдердің оқу процесіне дайындығының жеткіліксіздігі де себеп.

Қазақстандық Spik.kz сараптамалық порталына қазақтілді балалардың оқу сауаттылығы төмен деген мақала жарияланды, деп хабарлайды  qandastar.kz   turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Мақалада Алматыдағы Крылов атындағы кітапханада өткен кездесуде жазушылар мен кітапханашылардың мектеп оқушыларының әдебиетке деген құлшынысының жоқтығына шағымданғаны туралы айтылады.

№81 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары Шекспир, Гете сынды белгілі жазушыларды танымайды. Кітапханашының айтуынша, мұғалімдер оқушыларды жазғы демалыста әдебиетті оқуға ынталандырмайды.

Халықаралық зерттеулер қазақтілді және орыстілді білім алушылардың оқу сауаттылығындағы алшақтықты растады. 2016 жылы жарияланған PIRLS зерттеуіне сүйенсек, қазақ тілінде оқитын балалар орыстілді сыныптардағы құрдастарынан 51 ұпай аз жинаған. 2021 жылы бұл айырмашылық 53 ұпайға дейін өскен. PISA-2018 зерттеуінде де алшақтық өсіп, Қазақстанның әртүрлі аймағында 70-83 баллға дейін жеткен.

Мақалада келтірілген дерекке сүйенсек, әр аймақта қазақ тілінде оқитын мектеп оқушылары көбейген сайын оқу сауаттылығы төмендейді. Ал дәл осы дерек бойынша, оңтүстік облыстар мен Алматы қаласы алдыңғы орынға шыққан. Материалда кітап оқуға деген қызығушылықтың бала кезінен қалыптасатыны, оны жіберіп алса, болашақта дамыту қиынға соғатыны жазылған.

Осы тақырыпқа қатысты білім саласының қазақстандық сарапшысы, «Көкжиек-горизонт» баспасының директоры Наталья Новосельцева пікір білдірді. Ол да мақалада келтірілген деректермен келісетінін айтты.

Бұл мақалада артта қалудың басты факторларының бірі – қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептердегі оқыту деңгейінің айырмашылығы анық көрсетілген. Зерттеу 2016 жылы Алматы мен Астанадағы қазақтілді балалар орыстілді құрдастарынан 51 және 30 балл төмен жинағанын көрсететін PIRLS деректеріне негізделген. 2021 жылғы PIRLS зерттеуіндегі алшақтық кеңейді. Бұл тілдер арасындағы білім сапасының теңгерімсіздігін көрсетеді. Автор осындай тенденция ересек оқушылар арасында да байқалатынын айтады. PISA нәтижелері 15 жастағы қазақтілді оқушылардың оқу сауаттылығы бойынша әлі де артта қалғанын және бұл алшақтық жас өскен сайын кеңейе түсетінін жеткізді, – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, бұған мұғалімдердің оқу процесіне дайындығының жеткіліксіздігі де себеп.

Бұл құбылыстың себептерінің қатарында қазақ тіліндегі сапалы оқу әдебиеттері мен материалдарының жетіспеушілігі ғана емес, мұғалімдердің дайындығының жеткіліксіздігі де бар. Оның үстіне кітапхана сөрелерінде оқырманның қолы тимеген қазақтілді кітаптар жетерлік, – дейді Наталья Новосельцева.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close