Жаңалықтар
Қаздан қашып, танымал болған бүлдіршінге партия сыйлық жасады

Фото: скрин
Әлеуметтік желіде қаздан қашқан сәтімен танылған ақтөбелік үш жасар Керей Махамбетұлына «Ауыл» партиясының жергілікті филиалы 100 қаз сыйлады, деп хабарлайды qandastar.kz
Сонымен қатар, бүлдіршіннің әкесі Махамбет Русланұлы Ермеков партия қатарына белсенді ретінде қабылданды.
Еске сала кетсек, Керейдің видеосы 200 миллионнан астам қаралым жинап, тіпті америкалық рэпер Snoop Dogg парақшасында да жариялаған еді.