Әлеумет және қоғам

Қазгидромет бірнеше қалада қолайсыз ауа райы болатынын ескертті

27 наурызда Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау, Петропавл және Павлодар қалаларында ауа сапасын нашарлататын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Зиянды заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналуы мүмкін.

«Қазгидромет» синоптиктері бірқатар қала тұрғындарына ауа сапасына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Мәліметке сәйкес, 27 наурыз күні Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау, Петропавл және Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы мүмкін.

Мұндай жағдайлар кезінде атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлайды. Бұған көбіне желдің әлсіз болуы, тұман мен тымық ауа райы себеп болады.

Back to top button