Жаңалықтар

Қазгидромет маңызды мәлімдеме жасады

Фото:istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазды http://qandastar.kz

31 наурыз күні Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.


күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында да күндіз шаңды дауыл болады, жел екпіні 15-18 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Таулы аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Тараз қаласында 31 наурыз күні түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысының шығысында күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының шығысында күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл болады, жел екпіні 17-22 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде, ал күндіз облыс аумағында жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close