Жаңалықтар
Қазгидромет жаңа циклон жақындағанын хабарлады
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Мамандардың айтуынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы солтүстік-батыс циклонының әсерінен қалыптасады, деп хабарлайды qandastar.kz
Сонымен, бұлтты ауа райы жауын-шашын, қар мен жаңбыр түрінде болады деп күтілуде.
30-31 қаңтарда шығыста, 31 қаңтарда еліміздің солтүстігінде қалың қар жауып, бұрқасын, екпінді жел, тұман күтіледі.
Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында осы уақытта көктайғақпен бірге қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.