Жаңалықтар

Қажылық кезінде Түркияның 14 азаматы қайтыс болды

2025 жылғы қажылық маусымы барысында Түркиядан келген 14 азамат қайтыс болған, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

TRThaber мәліметінше, өлімнің негізгі себебі — жүрек-қан тамырлары және жұқпалы аурулар.

Марқұмдар Минадағы зиратқа жерленді, алайда кейбір отбасылар денелерін Түркияға қайтаруды сұраған.

Сонымен қатар қажылық кезінде 91 196 медициналық қызмет көрсетіліп, жүздеген адам емдеуге алынды. Қазір 40-қа жуық түркиялық қажы ауруханаларда ем қабылдап жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close