Жаңалықтар

«Қазір мектепке барып жүр»: екі аяғынан айырылған Алуаның жағдайы белгілі болды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек екі аяғынан айырылған Алуа Бекеннің отбасына уәде етілген баспана берілгенін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz сайты Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, оқиға 2025 жылғы маусым айының басында Астанада болған еді. Республика даңғылының бойында қала ішінде жүретін жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Апаттың салдарынан 8 жасар Алуа Бекеннің екі аяғына ампутация жасалған болатын.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қала әкімі Алуаның отбасымен жеке өзі кездескен. Ол бұл туралы брифингте хабарлады.

Әкімдік барлық медициналық көмек көрсетті. №1 автобус паркі жәбірленушінің отбасына шамамен 20 млн теңге төледі. Сондай-ақ қаладағы демеушілер де қосымша қаражат берген. Уәде берілген пәтер де берілді. Қазір пәтерде жөндеу жұмыстары басталды. Әкімдік қазір Алуа қызымыз отбасымен бірге тұрып жатқан үйді жалдау ақысын төлеп беріп отыр. Бала қазір мектепке барып жүр. Білім ордасы да бәрін түсініп, тиісті көмек көрсетуде, – деді әкім брифингте.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button