Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков жұмысшы мамандық иелерінің жалақысы төмен деген пікірмен келіспейді. Оның айтуынша, негізгі мәселе жалақы көлемінде емес, еңбекке деген көзқараста, деп жазады qandastar.kz сайты.
Депутат бұл туралы QRNews YouTube подкастына берген сұхбат барысында мәлімдеді. Ол бір сәтте келген байлық әрдайым бақ әкелмейді, керісінше, кей жағдайда үлкен проблемаға айналуы да мүмкін екенін айтты.
Жалақылары аз емес. Мысалы, қазір сантехникті 700 мың теңгеге іздеп көріңізші. Таба алмайсыз. Келмейді. Бір күн істеп, екі күн демаламын деп айтады. Дәнекерлеуші дейміз ғой, оның қазіргі бағасы 3,5 млн теңге. Мәселе бағада емес, мәселе санада жатыр. еңбекке баулымай ешкім де жетістіккей жетпейді. Негізі жастарды солай мативациялау керек. Біріншіден, кәсіп үйреніп, екіншіден, ақша тауып үйрен. Одан кейін өзіңнің бизнесіңді аш немесе бір мансап жаса. Бірақ барлығы еңбекпен келеді, – дейді Олжас Құспеков.
Бұдан бөлек, сұхбат барысында депутат елдегі көлік нарығы мен баға мәселесі, сондай-ақ білім және әскери салаға әрі қоғамды алаңдатқан өзге де маңызды тақырыптарға байланысты сауалдарға тұшымды жауап берді.



