ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

«Қазмұнайгаз» қарыз құрсауында қалса да сыйақыны неге тоқтатпады?

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, «ҚазМұнайГазда» қарыз болуы – компания үшін қалыпты жағдай. Оның сөзінше, қарыз алу  бизнес әлемінде кең тараған практика және бұл компания басшыларына бонус төлеуге әсер етпейді, деп жазады qandastar.kz

Жақыпов кей жағдайда қарыз қаражаты компанияның өз қаражатын жұмсағаннан арзанға шығатынын жеткізді. Сондықтан одан қорқудың қажеті жоқ. Оның айтуынша, «ҚазМұнайГаздың» қарыз жүктемесі «қауіпті деңгейде емес».

Ол сондай-ақ «ҚазМұнайГаздың» халықаралық қаржы нарықтарынан жиі қарыз алатынын, еурооблигация шығаратынын және әртүрлі қаржы ұйымдарымен келісімдері бар екенін атап өтті.

Жақыпов бонус жүйесі қалай жұмыс істейтінін де түсіндірді.

«Жылдың басында топ-менеджерлерге мақсаттар мен міндетті KPI қойылады. Егер олар жоспарды орындаса, директорлар кеңесі бонус беруді мақұлдайды. Егер жұмысы қанағаттандырмаса, сыйақы берілмейді. Мұндай жағдай түрлі компанияларда бар», — дейді қор басшысы.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button