Әлеумет және қоғамЖаңалықтарЭкономика және бизнес

«Заң байға да, қараға да ортақ»: ҚазТАГ-тың редакторы Турловты полицияға шақырды

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов өз бағанында үндеу жариялады. Бұл туралы Qandastar.kz порталы аталған редакцияға сілтеме жасап хабарлайды. 

Бас редактор  өзіне және ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевқа қарсы қозғалған қылмыстық істің заңсыз екенін айтты.

«Көпшілігіңіз білесіздер, мен және ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаев заңсыз түрде, жасырын фабрикатталған қылмыстық іс аясында күмәнді тұлға деп танылдық. Бұл іс Freedom Finance компаниясы мен оның иесі, миллиардер Тимур Турловтың арызы бойынша қозғалған.

Біз тағы да еске саламыз, ҚазТАГ  – объективті, тексерілген және сенімді ақпараттың қайнар көзі. Сол себепті сіздер әлі де бізбен біргесіздер. Бұл үшін рахмет!, — деп жазды редактор.

Қасенов ары қарай барлық мәліметтерді толық айта алмайтынын, себебі тергеу заңдылықтарына бағынатынын жеткізді.

“Мен ақпаратты жарияламау туралы келісімге қол қойғандықтан, ары қарай тек келісімге кірмейтін мәліметтерді ғана бөлісе аламын. Дегенмен, қорғаушыларымыздың айтуынша, полицияның іс жүргізуінде заң бұзушылықтар өте көп және оларды тізіп шығу үшін жеке бір том керек болады. Турлов пен Freedom Finance бізге аса үлкен шығын келтірген деп айыптайды», — деді ол.

Осыған байланысты Қасенов екі маңызды өтініш жасады.

«Заң бәрімізге ортақ. Сондықтан менің екі өтінішім бар. Біріншісі — Турловты полицияға шақыру және куәлік беруін талап ету. Адвокат арқылы бұл өтінішті жеткіздім, бірақ әлі жауап жоқ.

Екіншіден, шығынның шынайылығын тексеру үшін компанияның барлық қаржылық есептері, KASE мәліметтері және инвесторлар мен контрагенттердің куәліктерін қарау керек», — деді бас редактор.

Қасенов іс туралы алғаш рет 20 қарашада хабардар болғанын айтты. Сол кезде жоғары лауазымды полицей оларға ештеңе болмайтынын, істі жабатынын және ҚазТАГ-ты қудаламайтынын жеткізген. Дегенмен, кейін оларды заңсыз түрде күдікті деп таныған.

“Мен және көптеген әріптестерім кәсібилігімізді қорғап,  ойымызды және журналистік миссиямызды жалғастырамыз. Біз халыққа шынайы ақпарат жеткізуге міндеттіміз және үнсіз қалмаймыз», — деді Қасенов.

 

Back to top button