Қаржы және төлемдер

Қазынашылық комитетінде 124 миллиард теңгеден астам бюджет шығыны анықталды

Фото: ашық дереккөз

Жоғарғы аудиторлық палата қазынашылық комитетінің қызметінде 124 миллиард теңгеден астам бюджет шығынын анықтады, деп жазды qandastar.kz

Тексеру барысында қазынашылық жүйесінің жұмысында бюджет ақшасын басқару және төлемдерді жүзеге асыру, оның тиімділігін төмендету бөлігінде жүйелі кемшіліктер анықталды. Осылайша, Қазынашылық комитеті Бюджет кодексінің нормаларын бұза отырып, 2021-2023 жылдардың жекелеген айларында бастапқы жоспарланған көлемнен артық эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша барлығы:

▪️70 процедуралық бұзушылық және 15 жүйелік кемшіліктер анықталды;

▪️бюджет шығыны 124 млрд теңгеден астамды құрады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close