ЖаңалықтарШоу бизнес

«Кедергілер туындап отыр»: «Өнер қырандары» Шымкент әкімдігіне шағымданды

Танымал әзілкештер Шымкентте «Өнер қырандары» театрының концертінің өтуіне кедергілер келтіріліп жатқанына шағымданды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Біздің пікірімізше, «Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «QYZGALDAQ sarayi» тарапынан кедергілер туындап отыр.

Қазіргі уақытта біздің адвокаттарымыз бен заңгерлеріміз мемлекеттік мекемелерге (Прокуратура, ҰҚК, Шымкент қ. әкімдігі және басқа да органдарға) жағдайдың заңдылығын тексеру үшін тиісті құжаттарды дайындауда.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мырзаның атына ашық хат дайындауға мәжбүр болып жатырмыз. Өйткені әкімнің атына жолданған кейбір арыздарымыз тиісті түрде Ғабит Сыздықбеков ағамызға жеткізілмей жатыр», — деп жазды олар.

Желі қолданушылары мәселенің тез арада реттелуіне тілектестік білдірді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button