
Алматы облысы Кеген ауданына қарасты Ақсай ауылының тұрғындары әкім, бұрынғы спортшы Нұрбақыт Теңізбаевтың 5 538 гектар жерді қытай компаниясына геологиялық барлау жүргізу үшін беру жөніндегі шешіміне үзілді-кесілді қарсы шықты, деп хабарлайды qandastar.kz
“Письма Президенту” телеграм каналы жазғандай, ауыл халқы бұл аумақ малға арналған жайылымдық жер екенін айтып, одан айырылып қалудан қауіптенуде.
Тұрғындар арасында «спортшыға саясатпен емес, спортпен айналысқаны дұрыс» деген пікірлер де айтылуда.



