Жаңалықтар

Кей азаматтарға баспананың алғашқы жарнасын мемлекет төлеуі мүмкін

Фото: іnbusiness.kz

Ұлттық банк төрағасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсынысына қатысты осылай деп жауап беріп, мәселе қарастырылатындығын жеткізді, – деп хабарлайды  qandastar.kz.

Әрі «Отбасы банк» сияқты өзге де банктер жұмыс істесе, дұрыс болатындығын айтты. atamekenbusiness телеграм арнасы жазғандай, бірақ Тимур Сүлейменов агенттіктің бастамасы әлі талқылауға алынбады деді.

Естеріңізде болса, Бәсекелестікті қорғау агенттігі 2021-2023 жылдар аралығындағы ипотека нарығына талдау жүргізіп, нәтижесімен бөліскен. Сонда баспана алуды жеңілдететін 5 ұсыныс айтқан.

Мәселен адамның жағдайына қарап, несиелерді сол азаматтарға тікелей субсидиялау қажет деп санайды. Тұрғын үй депозиттерін ашу үшін зейнетақы қорындағы біржолғы төлемдерді пайдалануға рұқсат беруді ұсынды. Сондай-ақ, қарыз алушылар үшін жеке табыс салығын азайтып, мемлекет бастапқы жарнаға көмектесуі тиіс дейді. Әрі «Отбасы банкінің» нарықтағы үлесін азайтып, екінші деңгейлі банктерде жинақ ашуды ұсынған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close