Жаңалықтар

Кейбір жүргізушілер үшін автосақтандыру құны арзандайтын болды

2026 жылдан бастап автокөлікті сақтандыру құны шартты алғаш жасасқан жүргізушілер үшін төмен болады. Бұл Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысында көрсетілген, деп жазады qandastar.kz сайты Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған шара жаңа жүргізушілер үшін сақтандыру жүйесіне кіруді жеңілдетіп, олардың қаржылық жүктемесін азайтады. Дегенмен, көлік жас жүргізушілер үшін автосақтандыру құны қаншалықты төмен болатыны әзірге белгісіз.

«Бонус-малус» жүйесіндегі коэффициенттерді есептеу механизмі де өзгертілді. Енді оларды қолдану тәртібі нақтырақ болып, мемлекеттік деректер базаларына шектеулі қолжетімділік жағдайлары да ескерілген. Бұл сақтандыру жарнасын дұрыс есептемеу жағдайларын және автокөлік иелерінің шағымдарын азайтуға көмектеседі.

Еске салсақ, 2026 жылы айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар мөлшері өсті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button