41 жастағы танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 27 желтоқсанда Алматыда өтуі тиіс жекпе-жегінің кейінге шегерілгенін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Боксшы бұл туралы жанкүйерлеріне Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Құрметті жанкүйерлерім, 27 желтоқсанда өтетін бокс кешінде өнер көрсетпейтін болдым. Қарсыластарымызға және басқа да себептерге байланысты жекпе-жек 1,5 айға кейінге шегерілді. Кездесудің нақты уақытын хабарлаймыз. Қолдау көрсеткендеріңізге рақмет!, – деп жазды Қанат Ислам.



