Білім

Келер жылы қолданысқа енетін оқулықтардың жобасы талқылауға шығарылды

Фото: Halyq Uni

2025-2026 оқу жылында қолданысқа енгізілетін 4-сыныптарға арналған оқулықтар қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды  qandastar.kz  Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Талқылауға қатысу үшін білім мазмұнын сараптау орталығының https://bmso.kz сайтындағы «Оқу әдебиеттерін қоғамдық талқылау» бөліміне өту керек. Онда келесі пәндер бойынша оқулықтардың мазмұнымен танысуға болады: «Орыс тілі» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін); «Еңбекке баулу», «Бейнелеу өнері», Шет тілдері (ағылшын, неміс, француз), сондай-ақ «Цифрлық сауаттылық» бойынша электронды оқулық нұсқалары.

Оқу-ағарту министрлігі талқылауға мұғалімдер, ата-аналар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен мектеп оқулықтарының сапасына бей-жай қарамайтын барлық азаматтар қатыса алатынын жеткізді. Барлық келіп түскен сын-ескертпелер, мен оқулықтардың сапасы мен мазмұнын жақсартуға қатысты ұсыныстар сараптама барысында ескеріледі. Талқылау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Атап өту керек, қолданыстағы заңнама бойынша бүгінде оқулықтар сараптаманың бес кезеңінен өтеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, оқулықтарды пилоттық мектептерде сынақтан өткізу, қоғамдық-педагогикалық талқылау, пәндік сарапталық комиссияның қарауы. Қазіргі уақытта аталған оқулықтар қоғамдық талқылаумен қатар, еліміздің бірнеше өңірлерінде 31 пилоттық мектепте сынақтан өтіп жатыр. Ғылыми-педагогикалық сараптамаға ғалымдар мен біліктілік санаты «зерттеуші педагогтен» төмен емес практик-мұғалімдер тартылады. Сарапшылар арнайы оқу курсынан өтіп, сарапшы сертификатын алған және республикалық сарапшылар базасына енген. Осындай жоғары талаптар сынақ және пәндік сарапталық комиссия қатысушыларына да қойылады, – делінген министрлік хабарламасында.

Пәндік сараптама комиссиясының шешімімен сараптаманың барлық кезеңдерінен өткен оқулықтар мектептерде пайдалану үшін және министрлік бекітетін оқулықтар тізбесіне енгізу үшін ұсынылады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close