Қаржы және төлемдер
Келер жылы көпбалалы отбасыларға қандай қаржылық қолдау бар?
Фото: ашық дереккөз
2024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 432 млрд теңгеге жуық сомаға жәрдемақы алды, деп жазды qandastar.kz
2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 577,2 мың отбасы жалпы сомасы 431,9 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде қараша айында 591,2 мың отбасыға 42,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай сараланып есептеледі және 2024 жылы:
– 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
– 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;