ЖаңалықтарШоу бизнес

«Келесі профессорымыз кім болады?»: Тағы бір атақ алған Димаш Құдайберген сынға ұшырады

Күні кеше Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде әнші Димаш Құдайбергенмен мотивациялық кездесу өтті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Шара барысында ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов Димаш Құдайбергенге мәдениетті дамытуға, жастардың рухани тәрбиесіне қосқан үлесі және Қазақстанның халықаралық имиджін ілгерілетудегі еңбегі үшін ҚазҰМУ-дың Құрметті профессоры атағын табыстады.

Өз кезегінде әнші медицина мамандығының күрделілігі мен жауапкершілігін айтты.

«Сіздер өте қиын әрі жауапты жолды таңдадыңыздар. Медицина – қателікті кешірмейтін сала. Бұл үздіксіз ізденісті, өз-өзіңе талап қоя білуді қажет етеді. Меніңше, нағыз жұлдыздар – дәрігерлер. Олар күн сайын адам өмірін сақтап қалады», — деп атап өтті Димаш.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Бірі әншіге қолдау білдіріп жатса, екіншілері сынға алды.

«Өмірімде Димашқа хейт жазам деп ойламаппын. Бүгін Димашқа «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінің Профессоры» атағы беріліпті. «Құрмет көрсеткендеріңізге рахмет, бұл атаққа медицинаға немесе ҚазҰМУға еңбегі сіңген менен де басқа лайықты адамдар бар», — деп сыпайы түрде бас тартуы керек еді. Келесі профессорымыз кім болады? Дастан Сәтпаев па әлде Анарбеков па? Еркебұлан Тоқтардың да мүмкіндігі жоқ емес…», — деп жазды бір оқырман.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button