ДенсаулықЖаңалықтар

Келесі жылы бірқатар медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі

2026 жылы Қазақстанда кейбір медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарлануда, деп жазады qandastar.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2026 жылдан бастап жұқпалы аурулар қызметі мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің (фельдшерлердің) жалақысы қосымша көтеріледі. Сондай-ақ, дәрігерлерге қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі, – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, Ішкі істер министрлігімен бірлесіп іс-қимыл жоспары әзірленіп, оған сәйкес медициналық ұйымдарда 152 полиция бекеті орнатылған.

Сондай-ақ, 2,1 мыңнан астам жедел жәрдем фельдшерін бейнежетондармен жарақтандыру және медициналық ұйымдарда жасанды интеллект аналитикамен бейнебақылау жүйелерін енгізу және 626 қабылдау бөлімшелерінде дабыл түймелерін орнату мәселесі шешілуде, – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button