Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова екінші келінінің үшінші сәбиін дүниеге әкелуіне орай елден сүйінші сұрады, деп жазады qandastar.kz.
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында келініне арнап жазба жариялап, кейін перзентханаға арнайы барғанын жеткізді. Сондай-ақ немересін құшағына алған сәттен фото бөлісті.
Алайда жарияланған жазба желі қолданушыларының сынына ұшырады. Көпшілік Айдарбекованы келіндерін бөліп-жарады деп айыптады.
«Қайраттың қызы туған кезде неге дәл осылай құттықтамадыңыз?»,
«Жұлдыз босанғанда да бару керек еді»,
«Келіндеріңізді неге бөлесіз?»,
«Барлығын бірдей құттықтаған дұрыс емес пе?» -деген мазмұндағы пікірлер жазды.



