Әлеумет және қоғамЖаңалықтар
«Келініміз емес қызымыз»: Сәкен Майғазиевтің әйелі су жаңа келінін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Фото: видеодан скриншот
Қазақстанға белгілі әнші Сәкен Майғазиев жақында келін алып, ұлан-асыр той жасағалы жатыр. Қазір ел аузында жүрген тойдың нүктесі жақын уақытта қойылмақ, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Әншінің әйелі тойға дайындық барысын көрсетіп, су жаңа келінін көпшілікке таныстырды.
«Ақ келініміз Әдия босағамыздан аттап, ата-ене, ағайын-жұртқа сәлем салып,жүзін елге танытты.
⠀
Осы сәттен бастап ол – біздің келініміз ғана емес, біздің қызымыз.
Қадамың құтты болсын, қызым! Ақ босағаң берекелі, отың мәңгі сөнбесін!», — деп жазды ол.