Жаңалықтар

Келтірілген шығын 1,9 млрд теңге: БҚО-да пара алды деген күдікпен шенеунік ұсталды (ВИДЕО)

Мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттағандар әшкере болды, деп жазады qandastar.kz сайты Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Соттың санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің басқарма басшыларының бірі мен елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Олар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен. Олардың 100 млн теңгеден астам пара алғаны процестік тұрғыдан құжатталған.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 1,9 млрд теңге. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button