Әнші Сырым Исабаев Zibek joly телеарнасындағы «Бүгін.Live» бағдарламасына сұхбат беріп, Қайрат Нұртаспен арадағы қарым-қатынасына қатысты ойымен бөлісті, деп жазады qandastar.kz.
Өнер иесінің сөзінше, олар бір-бірімен жиі араласатын жақын адамдардың қатарында болмаса да, өзара сыйластықтары бар.
«Тығыз байланыстамыз деу артық болар. Дегенмен, қарым-қатынасымыз қалыпты. Соңғы кезде осы тақырыпта бірнеше рет пікір білдірдім. Кейде айтқан сөзім сол кісілерге қалай әсер етті екен деп ойланамын. Жалпы, әріптестерім жайлы жақсы пікір айтуға тырысамын, кемшілігін жария еткім келмейді. Біреу туралы орынсыз сөз айтып қойсам, ренжіп қалмай ма деген ой да келеді», – деді әнші.
Сырым Исабаевтың сабырлы әрі салиқалы пікірі желі қолданушылары тарапынан да оң бағасын алды. Көпшілік оның ұстамдылығы мен кәсіби мәдениетін атап өтті.
Пікір қалдырушылар «Сырым – тәрбиесі мен мәдениеті жоғары өнер иесі», «Өз бағытын тапқан, еңбегімен танылып жүрген әнші», «Журналистер неге бұл тақырыпты қайта-қайта қозғай береді?», «Әр әртістің өз орны, өз тыңдарманы бар» деген ойларын жазды.



