Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Кенесары ханның басы қашан елге қайтарылады?

Сенат кулуарында журналистер мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықовтан  Кенесары ханның басын Қазақстанға қайтару мүмкіндігі бар-жоғын сұрады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Қазір бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Себебі Кенесарының басы қайда екенін нақты айта алмаймын. Бізде мұндай нақты ақпарат жоқ», — деді вице-министр.

Айбек Сыдықов «іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр ма?» деген сұраққа зерттеулердің жалғасып жатқанын айтты.

«Кенесарының басы ғана емес. 2004 жылдан 2006 жылға дейін және одан кейінгі жылдары да бізде мәдени мұра бойынша мемлекеттік сипаттағы арнайы іздеу бағдарламалары болды. Біздің ғалымдар шетелге барып, мұражайларда, мұрағаттарда, кітапханаларда жұмыс істеді. Көптеген мұрағаттық құжаттардың көшірмелері Қазақстанға жеткізілді», — деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, «Архив-2025» бағдарламасы аясында ғана соңғы жылдары 14 мыңнан астам архив құжаттары мен жәдігерлері шетелде цифрландырылып, Қазақстанға жеткізілді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button