ЖаңалықтарШоу бизнес

«Кез келген ердің бағын жағамын»: Белгілі әнші болашаққа жоспарын бөлісті

Әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет  тұрмыс құруға асықпайтынын айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz порталы Sn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өнер иесінің айтуынша, екі баласы болғандықтан, жаңа қарым-қатынасқа қатысты бойында қорқыныш пен алаңдаушылық бар.

«Шүкір, екі балапаным бар. Аллаға шүкір, өсіп жатыр. Қандай да бір қарым-қатынас құруға, тұрмысқа шығуға асығыс емеспін. “Аузы күйген үрлеп ішеді” дейді ғой. Екі балам болғаннан кейін бәрін тереңірек ойлайсың. Болашақ жарымды балаларым қалай қабылдайды, ара-қатынасымыз қалай болады деген сұрақтар жиі мазалайды», – дейді әнші.

Сондай-ақ ол кейде уайым мен қорқыныш сезімі болатынын да жасырмады.

«Егер ажырасып, жалғыз болсам, бұлай қорықпас па едім… Екі балам болғаннан кейін сәл қорқыныш бар. Бірақ бес баласымен де бақытты болып жатқан әйелдер бар ғой. Жасым келген жоқ әлі. Отызға да толған жоқпын. Жұмысым бар, әп-әдемімін, өз-өзіме жауап бере алатын мінезім де бар. Негізі,кез келген адамның бағын жаға алатын қызбын», – деді Ақбота-Нұр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button