Жаңалықтар

«Кезекті қойылым шығар»: денсаулық сақтау министрінің видеосы қызу талқыға түсті

Айгүл есімді желі қолданушысы жазба жариялап, таңғаларлық оқиғамен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Айтуынша, Астана-Алматы бағытындағы ұшақта бойжеткен ауырып қалған.

Сол сәтте оған қасында отырған жолаушы лезде көмекке келген.

Ол қан қысымын тексеріп, ем-дом көрсете бастаған.

Көмекке келген адам денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова болып шықты.

«Стюардесса көмек көрсеткен әйел адамнан кім екенін, дәрігер ме, әлде бірге ұшып бара жатқан серіктесі ме екенін сұрады. Қан қысымын өлшеп, пакетін ауыстырған әйел адам ақырын ғана «мен – дәрігермін» деп жұмысын ары қарай жалғастырды. Дәрі, шай, су беріп, есін жинаған соң Алматыға дейін ұша алатыны сұрады. Қыз «иә» деген соң ғана ары қарай ұшуға дайындалдық. Ал көмек көрсеткен дәрігер денсаулық сақтау министрі А.Ш. Әлназарова екен», – деп жазды желі қолданушысы.

Министрдің әрекеті қазақстандықтар тарапынан қолдау тапты. Алайда сынаушылар да табылды.

«Бұл қойылым», «рейтингін көтеру үшін жасап жатыр» сынды пікірлер де бар.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button