ЖаңалықтарСпорт
Килиан Мбаппе «Реалда» жаңа маусымда 10 нөмірімен алаңға шығады

Француз шабуылшысы Килиан Мбаппе 2025/26 жылғы маусымнан бастап мадридтік «Реал» сапында жаңа нөмірмен өнер көрсетеді, деп жазды Qandastar.kz
Diario AS және басқа да беделді басылымдардың хабарлауынша, ол бұған дейін Лука Модрич киген аңызға айналған 10-нөмірлі жейдені енді өзіне алады.
Мбаппе «Реалдағы» дебюттік маусымында — 2024/25 жылы — 9 нөмірімен ойнаған еді. Бұл нөмір Карим Бензема кеткеннен кейін бос қалған еді. Алайда бұл шешім бастапқыда уақытша ретінде қарастырылған. Испаниялық БАҚ-тың мәліметінше, нөмірді ауыстыру мәселесі екі тарап арасында келісілген және ресми түрде бекітілу сатысында.
025 жылғы 23 шілдеде AS басылымы ресми ақпарат жариялады: Килиан Мбаппе жаңа маусымда 10 нөмірімен ойнайтынын растады. Айта кетейік, бұл нөмірді ол Франция құрамасында да киеді.
Осылайша, 2025/26 жылғы маусымда «Реал Мадридтің» жаңа «ондығы» пайда болмақ.