Мәдениет
«Кім кімнен ұрлады?»: Ерке Есмаханның «Қайда» әніне ұқсас әнді айтқан ресейлік әнші хейтерлерге жауап берді
Фото: жеке парақшалардан
Танымал ресейлік әнші Лилия Голдобова отандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмаханның “Қайда” әнінің әуеніне ұқсас ән айтып, қызу талқыға түсті. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейлік өнер иесі туындыны “Санкт-Петербург” деп атаған. Әнші плагиат деген айыптауларды жоққа шығарып, Ерке Есмаханның шығармасынан алғанын жасырмады. Сондай-ақ ол отандық өнер өкілімен курстас екенін айтты.
«Бұл жерде плагиат жоқ, бірақ идея бір, иә… Мен оны мүлдем аударған жоқпын, шабыт алған шығармын. Өйткені Ерке жақсы әнші, сонымен қатар менің курстасым», – деп жазды ресейлік өнер иесі.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ресейлік әншінің әнін плагиат деп жатыр.
“Біз ғана ұрлай береміз бе, біздікін де ұрласын”, “Сонымен кім кімнен ұрлады”, “Бұл біздің ән”, “Бүкіл әлем шырқасын”, “Өзіміз қырғыздан алып едік”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.