Әлеумет және қоғамБілімЖаңалықтар

KIMEP университетінің шешімі ЛГБТ белсендісінің наразылығын тудырды

KIMEP университеті Feminita бастамасының негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаеваның TEDxKIMEP-тегі шарадан шеттеткен. Белсендінің айтуынша, мұндай шешім оның баяндамасына қатысты шағым мен әкімдік тарапынан болған қысымнан кейін қабылданған, деп жазады qandastar.kz

Жанар Секербаева шараның бағдарламасына өзінің енгізілмегені жайлы  бірнеше сағат қалғанда білген.

Ал KIMEP университеті сыртқы қысым туралы мәліметті жоққа шығарды.

«Мемлекеттік органдар тарапынан қандай да бір талап немесе ықпал болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Университеттің түсіндіруінше, бағдарлама финалдық келісу кезінде университет регламенттеріне сәйкес қайта құрылып, нәтижесінде Секербаеваның сөз сөйлеуі қорытынды бағдарламаға енбеген.

Айта кетейік, бұған дейін Парламенттің төменгі палатасы ЛГБТ насихатына тыйым салатын, сонымен бірге педофилия туралы заң жобасын мақұлдады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button