Жаңалықтар

«Кімге болса да»: Си Цзиньпин Қытай Қазақстанның ішкі істеріне киліккендерге қарсы тұратынын мәлімдеді

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин алдағы мемлекеттік сапары алдында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына арнап мақала жазып, онда ресми Бейжің Астанаға қатысты қандай саясат ұстанатынын айтты,-деп хабарлайды Qandastar.kz

«Қытай даналығы досқа айтқан әр сөздің үдесінен шығу керек екенін өсиет етеді. Қазақстандық достарымызбен әрі қарай да шынайылық пен сенімге негізделген қарым-қатынасты орната береміз. Стратегиялық тұрғыда үйлескен өзара саяси сенімді тереңдетіп, бір-біріміздің түпкілікті мүддеміз бен негізгі алаңдататын мәселелерде өзара қолдауды арттыра береміз. Қытай тарабы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, өз бетімен таңдап алған даму жолын ұстануға, мемлекеттің гүлденуіне қажетті ішкі және сыртқы саясатын іске асыруға бағытталған күш-жігерін қолдаудан айнымайды, Қазақстанның ішкі істеріне киліксе, кімге болса да қарсы тұрады.Өзара сыйластық, тату көршілік, өзара көмек және өзара тиімділік сияқты төрт маңызды қағидатты дамытып, арттыру екіжақты қарым-қатынастың орнықты динамикасын сақтауға негізделген», – деп жазады Қытай басшысы

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close