Шоу бизнес

«Кімнің ала жібін аттап кеттім?»: іздеуге жарияланған блогер Қайсар Қамза видео салды

Қазақстандық танымал блогер Қайсар Қамза өзіне қатысты іздеу жарияланғаны туралы ақпараттан кейін алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ол Instagram Stories парақшасында «Не болып жатыр?» деген жазумен бейнеүндеу жариялап, жағдайға таңданысын жеткізді.

«Кімнің ала жібін аттап кеттім? Өзім де түсінбеймін. Мен тыныш өмір сүріп жүрдім. Бүкіл ел, бүкіл мемлекет іздейтіндей қылмыскер мен емеспін деп ойлаймын», — деді блогер.

Блогердың Instagram парақшасына шамамен 2,4 миллион адам жазылған. Сонымен қатар ол жазылушылары арасында ұтыс ойындарын өткізіп, онлайн-казино жарнамасын да жариялаған.

2026 жылдың 11 қаңтарында Қайсар Қамзаның Қазақстан аумағында іздеуге алынғаны белгілі болды. Іздеуді бастамашы болған — ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі, ал іс Астанада тіркелген.

Бұл ақпарат тарағаннан кейін блогер Stories-те жайылған дастарқанның суретін «Барлығы жақсы» деген жазумен жариялады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button