Жаңалықтар

Кіріс аз: Көшпенділер ойынына 5,7 млрд жұмсалып, 625 мың доллар қаражат түскен

Фото: Туризм және спорт министрлігі 

Көшпенділер ойынына бюджеттен 5,7 млрд теңге жұмсалып, 625 мың доллар қаражат түскен. Кіріс кеткен шығыннан 20 есе аз, – деп хабарлайды qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда өтті. Бұл  ойын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген ұлттық әрі этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық жарысқа жатады. 2014, 2016 және 2018 жылдары Дүниежүзілік ойындар Қырғызстанда, 2022 жылы Түркияда ұйымдастырылған.

Айта кетейік, енді Ресей Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуді қарастыруда. Бұл туралы ТАСС-та өткен баспасөз мәслихатында Ресей Федерациясының ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері комитетінің вице-президенті Игорь Павлюк айтқан еді.

«Бізде ойлануға уақыт бар. Ойындарды өткізу құқығына ие болмас бұрын, нормативтік бірқатар мәселелерді шешу қажет. Бірақ біз дайынбыз, біздің еліміз бүкіл әлемге егер іс-шара Ресейде өтіп жатса, онда жастар айтқандай, бұл әрқашан овертоп екенін үйретті», — деді Игорь Павлюк.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close