Әлеумет және қоғамЖаңалықтарШоу бизнес

Кісенге келіспеді: Нұрлан Сабыров тегін депортациядан бас тартып, өз ақшасына Алматыға ұшты

Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабыровтың елге оралуы күтпеген жайтпен аяқталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алғашында ол қаражаттың жоқтығын айтып, Внуково әуежайында біраз уақыт кідіріп қалған.

Кейін әзілкешке Дубайға тегін депортациялау кісендеулі күйде жүзеге асатыны белгілі болған.

Осыған байланысты Сабыров мұндай нұсқадан бас тартып, қажетті қаражат тауып, Алматыға ұшатын билет сатып алған.

Алматыға бағытталған ең жақын рейс түстен кейінгі уақытқа жоспарланған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button