Жаңалықтар

«Кішкентай кезінен краш»: Тоқаевтың мектеп кезіндегі суреттері талқыға түсті

Мұрағат қойнауынан табылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектеп кезіндегі сыныптастарымен түскен суреті желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Мaskara_news парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қарапайым мектеп формасындағы болашақ Мемлекет басшысы көпшіліктің назарын бірден аударып, «кішкентай кезінен-ақ краш болған» деген әзіл-шыны аралас пікірлер қарша борады. Кейбірі суреттен оның сабырлы мінезі мен зерек көзқарасын байқаса, енді бірі болашақ лидердің бейнесін сол кездің өзінде танығандай әсер алғанын айтуда.

Ең қызығы көпшілік «Сіз Мемлекет басшысын бірден тани алдыңыз ба?» деген сауалға әртүрлі жауап беріп жатыр. Бірі бірден тапқанын мақтанышпен жазса, енді бірі сыныптастарының арасынан ажырату қиын болғанын мойындайды. Бұл да тарихтың бір сәті, үлкен саясаттың биігіне көтерілген тұлғаның балалық шағы қарапайым сыныптан басталғанын еске салады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button