Жаңалықтар

«Кітаптың мұқабасына қарап баға беруді қояйық»: Unknownkazak блогының авторы дау тудырған жайтқа пікір білдірді

Фото: Ашық дереккөз

Бірақ кітап шығаратын баспагер болған соң біз кері байланыспен де жұмыс істеуіміз керек және ешқашан біз өзімізді халықтан биік қойған жоқпыз.

Ел арасында мұқабасына қарай түсініспеушілік тудырған «Қазақтарды қалай басқару керек» атты кітап барлық сату нүктесінен алынды. Бұл туралы AmalBooks баспасының негізін қалаушы, баспагер Бақытжан Бұқарбай өзінің инстаграм парақшасында мәлім етті. Осыдан кейін Unknownkazak блогының авторы Диас Камериданов аталмыш жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Қазақтарды қалай басқару керек? Бізді басқарудың қажеті жоқ, арамызға от салып қойса ғана жеткілікті. Қаншама жылдардан кейін алдымен патшалық Ресейдің, одан кейін Кеңес Одағының отарлауында болған біз әлі де негізгі сабақты алған жоқпыз. Бірлігімізден айырылып,  бір-бірімізді дос емес дұшпан көре бастағанда біз тұтастығымыздан айрыламыз. Бізді күшпен басып алуға болмайтыны тарихтан белгілі. Орыс, Цин, Жоңғар деген күшті империялардың қоршауында біз майданда ешкімге есе бермедік. Бізді қулықпен, парақорлықпен алды. Кейін шашылған бұтақ секілді біртіндеп сындырды. Бұл кітап дәл осы туралы. Қалай және қандай жолмен отарланғанымыз туралы. Бұл кітап бодандыққа өз еркімен кіру болмағанын, Ресей империясының бізді жоңғарлардан құтқармағанын ашық көрсетеді. Бұл кітап жерімізді басып алудың әдістері туралы. Ең бастысы, бұл кітап болашақта осы қателіктерді қайталамау туралы.

Диас Камериданов кітап авторларын жеке танитынын, олардың еңбегі үлкен екенін айтты. ⠀

Бақытжанды бұрыннан танимын, сыйлаймын. Ол ұлы жұмыстарды тындырып жүр. Мұрағаттармен жұмыс істеп, қазақ тілінде кітаптар шығарады. Мен оның қалай қинала кітап шығару үшін ақша іздейтінін білемін. Өйткені ол оңай іс емес. Мен Нұрқожаны да танимын, құрметтеймін. Ол тарихты насихаттауда үлкен жұмыстар атқарып жүр. Сондықтан бұл жағымсыз жайтқа куә болу маған ауыр тиді. Ешкімнің жаман ниеті болмағанына сенімдімін. Біз бәріміз бірдей нәрсені істеп жатырмыз. Ондай түсініспеушіліктер болмас үшін көбірек араласып тұрайық. Бірақ кітаптардың сатылымнан алынып тасталғаны дұрыс емес деп ойлаймын. Өмір сізге лимон берса, одан лимонад жасаңыз. Менің ойымша бұл хейт керісінше кітапқа тегін хайп жасап берді. Енді оны оқығысы келетіндердің саны артуы мүмкін. Ал кітапқа мұқабасына қарап баға беруді қояйық.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close