ЖаңалықтарСпорт

«Қиындыққа толы ұзақ жол жүрдім»: Геннадий Головкин өз өмірінен сыр шертті

Халықаралық бокс Даңқ залына енген қазақстандық боксшы қуанышты жаңалықты естіген сәтімен бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Достар, қуанышты жаңалығыммен бөліскім келеді. Менің есімім Халықаралық бокс Даңқ залына енді! Боксқа келгеніме 35 жыл болды. Қиыншылықтарға толы ұзақ жолды жүріп өттім. Осы жылдар ішінде талай еңбектеніп, көптеген шешім қабылдап, қазіргі деңгейіме жету үшін маңызды қадам жасадым. Енді менің есімім әлемдік бокс тарихының бір бөлігіне айналды. Бұл мен үшін үлкен мәртебе», — деп жазды GGG.

Головкин осы жолда қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Айта кетері, боксшы World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды. Тоқаев Головкинді құттықтап, бұл спортшының еңбегіне берілген лайықты баға деп атап өтті.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button