Жаңалықтар

«KNPP CUP – 2023»: Алматыда АЭС тақырыбы талқыланған дебат өтті

29 қаңтар күні Алматыда «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС қолдауымен және «Алтын Сапа» ИПК ұйымдастыруымен «Қайырымды қала тұрғындары» пікірсайыс турнирі өтті.

Турнир үздік пікірсайысшы студенттер жиналған алаңға айналды.

«KNPP CUP —2023» басты мақсаты жастардың АЭС туралы білімін шыңдау және сауаттылығын арттыру. Дебат турнирінде АЭС тақырыбына байланысты арнайы қарарлар қарастырылып, жастардың білім деңгейінің шыңдалуына, жаңа ақпараттармен танысуға себеп бола білді.

Дебат турнирі қос форматта жарияланып, жалпы саны 28 фракция қатысты.

Финал ойындарында «БП ҚР ретінде АЭС бойынша серіктес таңдайды» қарарында өрбіп, тартысты ойын болды. Елімізге АЭС салу бойынша серіктес ел таңдап, олардың кемшін немесе артық тұстары жайлы пікірталас болды.

Турнирге әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Каспий университеті, Қазақ-Британ технологиялық университеті, С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ және т.б. университеттердің студенттері қатысты.

Дебат ойындарының қазылар алқасында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС мүшесі Асуан Сиябеков, белгілі мәдениеттанушы Бердалы Оспан да болды. Олар жастардың тіл тазалығына, айтылған ақпараттардың дұрыстығына, жалпы ойынның өрбуіне баға берді.

Нәтижесінде АПФ бойынша (Американдық Парламенттік Формат):

1-орын “Потом қоямыз” фракциясы
(ҚазҰПУ)
– Алимова Гүлнұр
– Қонарбайұлы Әбдірахим

2-орын
“Торфин” фракциясы
(ҚазҰУ және ҚазҰПУ)
– Каримов Дамир
– Бекбаев Олжас

3-орын
“Жаңа Қазақстан” фракциясы
(ҚазҰУ)
– Сапарова Жанна
– Алман Шакира

4-орын “Хан” фракциясы
(Каспий университеті мен ҚазҰУ)
– Бахытжан Темірлан
– Абдукаримова Айгерім

ЛД (Линкольн Дуглас) форматы бойынша:

1-орын
– Сапарова Жанна;
2-орын
– Бахытжан Темірлан иеленді.

Жеңімпаздарға «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС демеушілік қолдауымен арнайы кубок, дипломдар және де қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Финал ойынында төреші болған «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС мүшесі Асуан Сиябеков:

«Бүгін сондай керемет ойын болды. Жастардың АЭС тақырыбында ашық айтып, оның оң тұстарын ұғып тұрғанына қуанышты болдым. Сауатты жастардың болуы біздің болашағымыздың көрінісі. Сауатты Қазақстан, Жаңа Қазақстан құрамыз десек, сауатты ұрпақ тәрбиелеуміз керек. Халық арасында АЭС туралы көбіне жаңсақ пікір қалыптасқан. Оның қауіпті тұстарын ғана сіңіріп алғанбыз. Десе де, біз атом бомбасын емес, қуат көзі, энергия беретін, дамыған барлық мемлекеттерде бар атом электр станциясы жайлы сөз қозғаймыз. 30 жыл ішінде ҚХР-да АЭС саны 55-ке жетті және тағы 15-і салынып жатыр. Францияда қазіргі уақытта 58 АЭС бар. Олардың 70% энергиясы осы арқылы қуаттанып отыр. Осы дүниелерді ұққанымыз абзал» деді.

 

Мәдениеттанушы, есімтанушы Бердалы Оспан ағамыз жастардың өзекті тақырыптарда сайрап тұрғанына таңданасын білдірді. Олардың ұмтылысы мен жалындап тұрған жеңіске деген ұмтылысын көріп ризашылығын білдірді:

«Өмірдің өзі – дебат. Біз өмір сүріп жүріп те, дебаттасумен жүреміз. Десе де, бүгінгі ойын сондай тартысты, қызықты өтті. Тақырыптарға қатысты жастардың білдірген ойы, оны жеткізуі, сөз саптаулары ұнады. Дегенмен де, тіл тазалығына әлі де мән беруіміз керек» деді Бердалы Оспан.

Ойын таңғы сағат 8-ден кешкі 6-ға дейін жалғасты. Түскі үзіліс уақытында дебатшылар арнайы түскі аспен қамтамасыз етілді.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close