Жаңалықтар

Қоғам белсенділері әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы әділ Қазақстан қағидаттарын дәріптейді

Фото: adildik.org.kz


«
Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорыныңбелсенділері Шымкенттегі өңірлік өкілдердіңкездесуінде әлеуметтік маңызы бар жобалардыжүзеге асыратынын хабарлады.  

«Әділдік және өркендеу» Қорының қолдауыменҚазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарындаденсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігітехникасын сақтау жөніндегі екі қоғамдықкомиссия құрылып, жұмыс істейді. Комиссия мүшелері медициналық сақтандырудың сапасымен қолжетімділігін жақсарту, еңбекзаңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді. Өңірлердегі халықтыңқоғамдық маңызы бар проблемаларына тұрақтынегізде әлеуметтік мониторинг жүргізіледі.

«Қордың алғашқы базалық жобасыәлеуметтікмониторинг. Сауалнамаға біздіңжақтастарымыз, жоғары азаматтық ұстанымыбар қазақстандықтар қатысты. Белсенділердіңарқасында бұл ауқымды жұмысты жүргізугемүмкіндік туды. Біз еліміздің барлық өңіріненұсыныстар жинадық, мемлекет басшысыныңреформаларын іске асыру үшін олардымемлекеттік органдарға жолдадық», – дедіҚоғамдық қордың басшысы Дана Рысмұхамедова ұйымның өңірлік өкілдеріменжәне жақтастарымен кездесуде.

Әлеуметтік мониторинг халық үшінмедициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, оқушылардытамақтандыру, кәсіпорындарда қауіпсіз еңбекжағдайларын қамтамасыз ету және т.б. өзектімәселелерді қамтыды. Сауалнама нәтижелері, оның ішінде бей-жай қарамайтынқазақстандықтардың ел азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі ұсыныстарынегізінде Қоғамдық қордың әлеуметтік күнтәртібі құрылады.

Қызметтің тағы бір өзекті бағыты-Өндірістегіеңбекті қорғау.

«Азаматтық белсенділерқоғамның қозғаушыкүші. Біз «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын дәріптеу үшін бірігіп отырмыз. Біздімемлекеттік органдар, «Қорғау» кәсіподағы, құтқарушылар кәсіподағы қолдайды. Біз хайпжасап жатқан жоқпыз, жұмысшылардыңмүдделерін қорғаймыз, шешім қабылдайтыназаматтар біздің талаптарымызды естігенінқалаймыз. Қауіпсіздік мәселесі өте өткір тұр. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейінкәсіпорындарда жазатайым оқиғалар орын алыпжатыр. Онымен күресу және жағдайғасындарлы түрде әсер ету үшін біз ел кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігітехникасын сақтау жөніндегі қоғамдықкомиссия құрдық», – деді Дана Рысмұхамедова.

Бұл комиссияны «Қазақмыс» компаниясыныңтау-кен жұмысшысы Шәмші Хамзе басқарады. Жұмыстың алғашқы күндерінен бастап олҚордың бастамаларын қолдады.

«Мен қарапайым шахтермін. Елімізде түрліқоғамдық ұйым жұмыс істеп тұрғанынақарамастан, «Әділдік және өркендеу» Қорыөндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларынқамтамасыз ету мәселесін байыпты көтеріпжүргендердің бірі болып табылады. Бұл бос сөземес. 30 жыл ішінде қазақстандықкәсіпорындарда көптеген жазатайым оқиғаболды. Қанша ер адам ауыр және қауіптіжұмыстармен айналысып, үйлеріне оралмады. Мен осы салада жұмыс істеймін және бұныңбәрін өз көзіммен көремін. Қауіпсіздік техникасын сақтау қоғам мен мемлекеттіңерекше бақылауында болуы керек! Сондықтанбіздің Қордың басты міндеттерінің біріөндірісте жұмыс істейтін қызметкерлергелайықты жалақы төлеп, олардың жағдайынжасау. Еңбек адамықарапайым тұрғын, елдіңазаматы. Егер біз осы адамдардың жағдайынжасап берсек, онда бұл Президент айтыпотырған Әділ Қазақстанды құруға қосқанүлесіміз болады», – деді Шәмші Хамзе.

20.06.2024

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close