Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Көкейін ақша тескен»: Депутат халықты алдарқатып жүрген блогерлерді айыптады

Мәжіліс депутаты және «AMANAT» партиясының фракция жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, онда заңсыз лотереялар мен онлайн-казино ұйымдастыру мәселесін көтерді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Кz_news_live парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

 «Қазақтың «Адамды алдау – арыңның алдындағы қылмыс» деген сөзінде терең мән бар. Бірақ бүгінгі таңда ақша үшін арын да, намысын да сататындар, байлыққа жетудің жолында халықты алдайтындар аз емес. Олар түрлі ойындарды ойлап тауып, оны интернетке жүктеп, көпшілікті тақырға отырғызып, пайда табуға тырысады. Осыған қарсы күресу үшін біз бірлесе отырып «Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы» Заң жобасын қабылдадық. Мәжіліс депутаттары бұл бастаманы көтерді. Нәтижесінде, 2024 жылы заңсыз лотерея ұйымдастырған 101 адамға 41 миллион теңге айыппұл салынды», – деп атап өтті Елнұр Бейсенбаев.

Депутаттың айтуынша, оңай ақша табуға әуестенгендерге көздері де, жүректері де тек ақша болып кеткен. Олар өзгелердің отбасыларының күйреуін көрсе де, заңсыз лотереялар ұйымдастыруды тоқтатар емес. Биылдың өзінде тағы 79 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 33,1 миллион теңге айыппұл салынды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button