Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Көкшетауда анасы мен екі баласы ысқа уланып қалды

Көкшетауда жеке тұрғын үйде 33 жастағы әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласы көміртек тотығынан уланып қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиғаға пештің ақауы себеп болған.

Түнгі уақытта үй иесі пештің жапқышын жауып қойған, соның салдарынан үй ішінде көміртек тотығы жиналып, отбасы мүшелері уланған.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер дереу облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлік тексеруден кейін балалар үйлеріне жіберілді. Ал анасы неврология бөлімшесіне жатқызылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әйелдің жағдайы тұрақты екенін хабарлады. Қазіргі таңда оның тыныс алуы қалыпты, оң динамика байқалады.

Мамандар жылыту маусымында пештерді мұқият тексеріп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button