Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Көкшетауда университет оқытушысы алаяқтарға 7 млн теңгесін беріп жіберген

Көкшетауда университет оқытушысы алаяқтарға алданып, 7 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ақмола облысының киберполицейлері ірі интернет-алаяқтықты тергеп жатыр.

Алаяқтардың зардап шегушісі қаланың жоғары оқу орындарының бірінің оқытушысы.

Әйелдің айтуынша, оған өзін оқу орнының заңгері етіп таныстырған белгісіз адам қоңырау шалып, оның жеке ісіне күштік органдарының қызметкерлері қызығушылық танытып жатқанын айтқан.

Және жақын арада онымен байланысатынын жеткізген.

Артынан әйелге белгісіз адамдардан қоңыраулар түсе бастаған.

Қаскөйлер тексеру сылтауымен бұл жайында ешкімге тіс жармауды сұраған.

Келіп түскен ақпаратты тексермеген мұғалім екі банкте несие ресімдеп, алтындарын ломбардқа тапсырған.

Осылайша 7,6 млн теңгеден аса қаржыны белгісіз шоттарға аударған.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта киберполицейлер жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button